ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында, 2017 жылдың 4 қараша күні ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, спорттық ойындардан мерекелік іс-шара өткізілді.

       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, 2017 жылдың 4 қараша күні ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы мекемелері ҚР АШМ ВБжҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы,  ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы араларында «Алтын күз 2017» мерекесінде кіші футбол, қол күрес, үстел тенисі, арқан тарту, шахмат және гір көтеру түрлері бойынша спорттық ойындары өткізілді.

        Сондай-ақ, өткізілген спорттық ойындардың нәтижесі бойынша АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы барлық аталған спорттық ойын түрлерінен: кіші футбол ойынынан облыстық филиал бірінші орынды жеңіп алды, қол күрестен осы мекеменің Төлеби аудандық ветеринариялық зертханасының серолог-лаборанты С.Орынбаев бірінші орынға ие болды, үстел теннисінен жануарлар ауруларының диагностикасы зертханасының аға ветеринариялық дәрігері Е.Сарсеев бірінші орынды, арқан тартудан облыстық филиал үшінші орынды жеңіп алды, гір көтеруден Қазығұрт аудандық ветеринариялық зертханасының серолог-лаборанты П.Бегалиев үшінші орынға ие болды.

Жалпы командалық есеппен ҚР АШМ ВБжҚК «РВЗ» ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы бірінші орынды жеңіп алды.

Осыған орай,  ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК-ның бас директоры П. Ш. Ибрагимов ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Алтын күз 2017»    спорттық ойындарынан Ауыл шаруашылығы саласындағы мекемелер   арасында «РВЗ» ШЖҚ РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық  филиалының қызметкерлерінің жүлделі орындарды иеленгені үшін құттықтай отырып, алғысын білдірді.