Бүгін: 29.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бас директор Т. А. Елшібаевтың басшылығымен РВЛ жүйесіндегі бизнес-процестерді жақсарту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Маңызды қадамдардың бірі нәтижеге бағытталған апталық есеп беру жүйесін енгізу болды. Бұл механизм біздің жұмысымызды жедел талдауға және жақсартуға мүмкіндік береді. Бастау үшін жүйе Кәсіпорынның ОА-да сыналады және барлық филиалдарында біртіндеп енгізіледі.
Жұмыс жоспарының ажырамас бөлігі - Кәсіпорынның кіріс бөлігін арттыру міндеті болады. Жергілікті жерлерде ветеринарлық инспекторлармен ынтымақтастықты жандандыру маңызды. Сонымен бірге зертханалар ақылы негізде қызмет көрсете алатындай регламенттер мен хаттамаларды қайта қарау маңызды. Бұл кейіннен РВЗ еңбекақы қорын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, енді ұжым құрамына да назар аударылатын болады. Штаттың құрамы санымен емес, сапасымен болуы керек. Жұмыскерлерді оқыту және біліктілігін арттыру үшін РВЗ-ның ОӘО әрекет етуі тиіс.
Күн тәртібінде: цифрлық технологияларды енгізу, барлық зертханалар үшін бірыңғай стандартты әзірлеу, мемлекеттік инвестициялық жобаға қатысу мүмкіндігі және басқа да маңызды мәселелер қозғалды.
 
Орталық аппарат комиссиясы РВЗ-ның облыстық және аудандық филиалдарында бұзушылықтарды анықтады
Бүгін 24 қазанда Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Елшібаевтың төрағалығымен облыстық/өңірлік филиалдар директорларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстық филиалдарында өндірістік және шаруашылық бақылаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін орталық аппарат комиссиясының шығу мәселесі қаралды.
Тексеру барысында комиссия РВЛ-ның облыстық филиалдарда, сонымен қатар аудандық зертханаларда да көптеген бұзушылықтарды анықтады. Толығырақ кейінірек жарияланады.
Кеңес қорытындысы бойынша жоғарыда аталған филиалдардың директорларына орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірлесіп, барлық кемшіліктерді белгіленген мерзімде түзету тапсырылды.
 

Ветеринария жұмыскерлері жалақыға үстемеақы алады

2023 жылғы 1 қазаннан бастап Республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық және өңірлік филиалдарының жұмыскерлері аса қауіпті жұқпалы ауруларды тудыратын Патогендіктің I және II топтарының патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істегені үшін 50% - ға дейінгі мөлшерде үстемеақы алатын болады. Үстемеақы ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізіледі деп хабарлады Республикалық ветеринариялық зертхананың баспасөз қызметі

Соңғы екі жыл ішінде кәсіпорынмен жұмыскерлердің лауазымдық жалақысын ұлғайту жөнінде бірнеше рет шаралар қолданды, алайда Ұлттық экономика министрлігінің 2021 жылғы 28 қазандағы хатына сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған орташа жалақының шегі 2020 жылғы деңгейде белгіленді. Кәсіпорынның еңбегіне ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын уәкілетті органмен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан белгіленеді және жеке бұйрықпен бекітіледі.

«Біздің ұйымда жалақы деңгейі төмен. Біз бірнеше рет жұмыскерлеріміздің жалақысын көтеру туралы, сондай-ақ ҚР «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заңы шеңберінде үстемеақы төлеу мәселесі бойынша уәкілетті органға хат жолдадық. Министрліктерге, тіпті ҚР Президентінің атына зертхананың облыстық және өңірлік филиалдарының жұмыскерлерінен өтініштер жолданды», - деді «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директоры Темірхан Елшібаев.

Осылайша, патогендік биологиялық агенттермен (I және II топ) жұмыс істегені үшін 50% мөлшерінде үстемеақы жұмыскерлер алатын болады:

- жануарлар ауруларының диагностикасы зертханалары (зертхана меңгерушісі, аға ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық дәрігер, зертханашы, ветеринарлық санитар);

- сынамалар мен ақпараттарды қабылдау бөлімі (бөлім басшысы, ЖАД ветеринарлық дәрігері);

- - аудандық/аймақтық ветеринарлық зертханалар (зертхана меңгерушісі, ветеринарлық дәрігер, зертханашы, ветеринарлық санитар);

- биологиялық және патологиялық материал сынамаларын қабылдау пункті (ветеринарлық дәрігер және зертханашы).

Сондай-ақ, ҚР АШМ 2022 жылғы 9 қарашадағы «Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі» № 370 бұйрығының 2 тарауының 2 тармақшасына сәйкес, облыстық/өңірлік филиалдардың директорларына, жүргізушілеріне, РВЛ/ЗВЛ жануарларды күту жөніндегі жұмысшыларға және жануархана жұмыскерлеріне (ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық санитар, жануарларды күту жөніндегі жұмысшы) лауазымдық жалақыларының 35% мөлшерінде қосымша ақы төленетін болады.

Кәсіпорын басшылығының қабылданған шешіміне сәйкес химиялық реактивтермен, прекурсорлармен, улармен және ұқсас қауіпті заттармен жұмыс істейтін мамандар осындай зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына байланысты ерекшеліктер мен тәуекелдерге байланысты лауазымдық жалақысының 40% мөлшерінде қосымша ақы алатын болады. (бұрын қосымша төлем тек 6% болатын):

- тамақ қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі, аға ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық дәрігер, зертханашы, ветеринарлық санитар (тамақ микробиологиясы бөлімінің);

- аға маман, маман, зертханашы, ветеринарлық санитар (токсикология, радиология және биохимия бөлімі);

- химик-аналитик, сынамалар мен ақпаратты қабылдау бөлімінің ТҚ ветеринарлық дәрігері, ВСС зертханасының ветеринарлық дәрігері және зертханашысы.

Жәрдемақы мәселесін шешу үшін РВЗ әкімшілігі штат кестесін оңтайландыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, бос орындар жабылып, көмекші персоналдар штаттан шығарылды, сыйлықақылар қысқартылды және бюджет үнемделді.

«Қосымша қаражат іздеу жұмыстары жалғасуда. Біз сондай-ақ құзыретті органдарға 2024 жылы кәсіпорнымыздың жұмыскерлеріне үстемеақы төлеу үшін республикалық бюджеттен қосымша ақшалай қаражат бөлуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгіндік», - деді ШЖҚ РМК бас директоры Темірхан Елшібаев.

 

 

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат.
Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген терең мағыналы сөз бар. Қандай жағдай болмасын, тәуекел мен ауызбіршілік, ақыл мен сабыр ұлы жеңістерге жеткізеді. Жаңа белестерге жету үшін, қиын өткелден өтіп, іргелі ел болуға бағыт ұстады. Ұлы Абай айтқандай, ақырын жүріп, анық баса отырып, ешқандай дүрбелеңсіз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ең бастысы – біз бабалар аңсаған азат елге айналдық. Әлем мойындаған, құрмет тұтқан мемлекет атандық. Мұның барлығы – бүкіл халқымыздың ортақ еңбегінің жемісі. Республика күнінің басты құндылығы – осында.
Республика күні – ұлттық мереке. Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам.
«Республика» сөзі латын тілінде «ортақ іс» деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда, Республика өз ісіне жауапты азаматтардың ортақ іс-әрекетінің арқасында құрылады. Өйткені азаматтар – мемлекеттің арқауы. Азаматтары болмаса, мемлекет те болмайды.
Егемен еліміздің тағдыры – әр азаматтың қолында. Бұл – үлкен борыш, үлкен жауапкершілік. Сондықтан, осы құндылықты терең түсінуіміз және қадір тұтуымыз керек.
Осы қасиетті ұлттық мереке қарсаңында Сіздерге мол бақыт, мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, ұзақ та мәнді өмір тілеймін! Әрқашан амандықта болайық!
Кәсіпорын бас директоры, Т.Елшібай