Бүгін: 04.10.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

"Республикалық ветеринариялық зертхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысына сәйкес құрылды.

Кәсіпорынның негізгі қызметі тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу жолымен халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға және осылайша жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, кәсіпорын қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған функцияларды жүзеге асыру болып табылады:

- уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы;

- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы.

Сондай-ақ мемлекеттік монополия функцияларымен технологиялық байланысты кәсіпорын қызметіне мыналар жатады:

- зертханалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;

- өлшеу құралдарын тексеру және сынау жабдықтарын аттестаттау;

- дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;

- биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою.

Жоғарыда аталған функцияларды іске асыру мақсатында мемлекет ветеринариялық зертханалардың тармақталған желісін құрды.

 Кәсіпорынның жалпы штат саны 3 000 бірлікті құрайды. Кәсіпорынның кадрлық құрамы жоғары білікті мамандармен ұсынылған.

Барлық зертханалар диагностикалық зерттеулердің классикалық әдістерін жүргізу үшін заманауи жалпы зертханалармен жабдықталған. Облыстық және өңірлік зертханалар иммуноферментті талдау, полимеразды тізбекті реакция (стандартты нұсқадағы және нақты уақыттағы ПТР), бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін қосымша қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған.

Кәсіпорынның облыстық және өңірлік зертханалары тамақ қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізуге арналған жабдықпен жарақталған: сұйық және газ хроматографтары, Атом-абсорбциялық спектрофотометрлер, вольт амперометриялық талдауыштар, полярографтар, радионуклидтерді анықтауға арналған спектрометриялық кешендер және тағы басқалар.

Облыстық және өңірлік зертханалар ILAC MRA (зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық қауымдастық) ҚР СТ ИСО/МЭК 17025 "сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыретіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкестігіне келісімге қол қойған тарап болып табылатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Ұлттық аккредиттеу орталығы"ЖШС Ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген. Кәсіпорынның аккредиттелген сынақ зертханалары Кеден одағының бірыңғай тізіліміне енгізілді.

2007 жылдан бастап кәсіпорында ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 сәйкес өлшеу құралдарын тексеру құқығына аккредиттелген өзінің метрологиялық қызметі жұмыс істейді, сондай-ақ өлшеу құралдарын калибрлеуге арналған аккредиттеу аттестаты бар.