10 шілдеде Бас директор ұйымдастыруымен жиналыс өтті, оған Орталық аппарат қызметкерлері мен облыстық және аудандық ветеринариялық зертханалардың қызметкерлері қатысты
- 143
Іс-шара барысында Т.А. Елшібаев әріптестерін жаңа кәсіби мереке – «Ветеринария қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтап, олардың жұмысының қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Ол Ауыл шаруашылығы министрінің және ВБж/еҚК төрағасының м.а. мақтау қағаздарын, сондай-ақ облыстық және аудандық зертханалардың қызметкерлеріне ветеринария саласына қосқан елеулі үлесі үшін Ауыл шаруашылығы министрінің және вице-министрінің алғыс хаттарын табыс етті.
Республикалық эпизоотияға қарсы отряды қабырғасында ветеринарлық қызметкер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында спорттық ойындар бойынша жарыстар өтті
- 148
Қатысушылар қатарында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Аумақтық инспекция, Республикалық ветеринариялық зертхана, Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық, Республикалық эпизоотияға қарсы отряды болды.
Ветеринариялық қызметкер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Ветеринарияның өзекті мәселелері: жай-күйі және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- 146
Осы мерекеге орайластырылған іс-шараға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин, «Ветеринария туралы Заң» жасауға қатысқан ветеринария ардагерлері, ветеринария қызметінің өкілдері мен ғалымдар қатысты.
Республикалық ветеринариялық зертхана қызметкерлері Алиментариус кодексіне арналған дөңгелек үстелге қатысты
- 155
2024 жылғы 24 маусымда Кодекстің Траст қорының ФАО/ДДСҰ жобасы шеңберінде ұйымдастырылған «Алиментариус кодексінің қорытындылары, алынған сабақтар мен жетістіктер» атты дөңгелек үстел өтті.






