Бүгін: 07.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы мерекеге орайластырылған іс-шараға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин, «Ветеринария туралы Заң» жасауға қатысқан ветеринария ардагерлері, ветеринария қызметінің өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстанның ветеринариялық қызметі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оның ертеңгңгі болашаққа арналған даму жоспарларымен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар саланың жұмысын жақсарту, жас мамандарды тарту, тәжірибеші ветеринарлардың біліктілігін арттыру қажеттігін талқылады. Ветеринария саласындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату, процестерді цифрландыру есебінен ветеринарлардың жұмысын жеңілдету, жүйені реформалау шеңберінде ветеринарлық мамандардың жалақысын арттыру және әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Республикалық ветеринариялық зертхананың бас директоры Темірхан Амантайұлы ветеринарияның өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Өз сөзінде ол антибиотиктерді ұтымды қолдану туралы білімдерін арттыру үшін тұрғындар мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері үшін ақпараттық сессияларды ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті. Ол сондай-ақ микробқа қарсы препараттарды сату мен қолдануды реттеу, бақылау және міндетті есепке алудың маңыздылығын атап өтті. Темірхан Амантайұлы азық-түлік өнімдеріндегі қалдық антибиотиктердің санын анықтау бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізуді және микробқа қарсы препараттарға төзімді штаммдардың тізілімін әзірлеуді қоса алғанда, Республикалық ветеринариялық зертхана үшін зерттеулер жөніндегі функцияларды айқындауды ұсынды. Ол сондай-ақ ветеринария ғылымы мен тәжірибесін одан әрі тереңдете дамыту үшін ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстанның ветеринариялық саласын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.