Бүгін: 19.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін а.ж. 4 ақпанында Жезқазған қаласының әкімі Қ. Б. Абсатаровтың және РВЛ РМК бас директорының м. а. Т. А. Елшибаевтың қатысуымен Жезқазған қаласындағы ветеринариялық зертхананың жағдайы бойынша ZOOM-кеңес өтті.
Сондай-ақ, кеңеске ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері, Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы, "Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ өкілі, бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы өндірушілері және басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.

        Әкім Қ.Б. Абсатиров және барлық қатысушылар талқылау барысында Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының Үлкен өңірі үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау үшін Жезқазған қаласында орналасқан жұмыс істейтін ветеринариялық зертхана қажет екенін атап өтті.
Тараптар ветеринариялық зертхананың қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді және жақын арада Жезқазған қаласындағы ветеринариялық зертхананың жұмысын жаңарту үшін ықтимал нұсқаларды қарастыруға міндеттенді