Бүгін: 26.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрметті достар, бізде керемет жаңалық бар!
2022 жылдың басынан бастап Халық банкінің қосымшасындағы төлемдер қосымша бетінде «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-ның ақылы қызметтерін төлеуге болады. Бұл операция Homebank.kz мобильді қосымшасы бар кез келген адамға қол жетімді.
Ол үшін клиенттер телефондарына Halyk Homebank.kz мобильді қосымшасын орнату керек. жеке кабинетке кіріп, қажетті жолдарды толтырып, келесі нұсқауларды орындаңыз.


"Төлемдер" бөліміне кіру→ барлық төлемдер→ өзгелері→ іздеуде РМК РВЛ жазады, өз деректерін толтырады аты-жөні, ЖСН, филиалды таңдайды, төлегіңіз келетін қызметті таңдайды → төлем тағайындау:
1) ЖҚЖ бойынша ветеринариялық қызметтер үшін;
2) ветеринарлық қызметтер үшін барлығы;
3) ӨҚ бойынша ветеринариялық қызметтер
әрі қарай төлем сомасы төленеді .
Карточканы немесе виртуалды шотты толтыруды банк, касса 24, киви терминал терминалдарында жүргізуге болады. Виртуалды картаны Homebank мобильді қосымшасында Банк бөлімшелеріне бармай-ақ алуға болады.