Бүгін: 26.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директорының м.а. Елшібаев Т.А. Жезқазған қаласының әкімі Әбсатаров Қ.Б. ветеринариялық зертхананың жағдайы бойынша кездесті.
Жиынға сонымен қатар Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, «Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің өкілі қатысты.


Кездесу барысында тараптар ветеринариялық зертхананың қажеттілігі туралы өзекті мәселені талқылап, Жезқазғандағы ветеринариялық зертхана жұмысын қалпына келтірудің ықтимал нұсқаларын қарастырды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жезқазған қаласының әкімі Қ.Б.Әбсатаровтың қатысуымен Жезқазған қаласындағы ветеринариялық зертхананың жағдайы бойынша ZOOM-отырысы өткен болатын. және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдерімен, Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысымен, Қарағанды ​​облысының ветеринария басқармасының басшысымен, Жезқазған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілі, бизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және басқа да шақырылған тұлғалар қатысқан болатын.