Бүгін: 24.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

 

Бүгін ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК бас директоры Темірхан Елшібаевты ұжымға таныстырды.

2022 жылдың 4 наурызынан бастап ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының бұйрығымен «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры болып Елшібаев Темірхан Амантайұлы тағайындалды.

А.Жақыпаев өз сөзінде ветеринарлық зертханалардың жүргізіп жатқан ауқымды жұмысын атап өтіп, жалпы ветеринария жүйесін одан әрі реформалау мәселелеріне ерекше тоқталды.

Темірхан Елшібаев 1982 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2004 – 2005 «Алматы Құс» АҚ, сату жөніндегі Менеджер

2005 – 2006 «Алматы Құс» АҚ, сату департаменті директорының м.а.

2006 – 2008 «Алматы Құс» АҚ, сату департаменті директорының орынбасары

2008 – 2009 «Алель Агро» АҚ, сату департаменті директорының орынбасары

2009 – 2010 «Алель Агро» АҚ, маркетинг бөлімінің бастығы

2010 – 2011 «Tau Trade Bereke» ЖШС, Тауық өнімдерін, ет және жұмыртқа бағытындағы сауда директоры

2011 – 2012 Start Up TM «Uni Master» экспресс-шеберханалар желісін дамыту, Директоры

2012 – 2013 «Компания Сары-Булак» ЖШС-құс фабрикасы, сату департаменті директоры

2013 – 2014 «Сарыбұлақ» сауда үйін дамыту», Директор

2014 – 2014 «Dala Trading» ЖШС, Бас директор

2019-2020 ҚР АШМ ВБҚК "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары

2020-2022 жж-ҚР АШМ ВБҚК "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының м. а.

2022 жылғы наурыздан бастап ҚР АШМ ВБҚК "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директоры.