Бүгін: 24.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Өткен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.А. Елшібаев ауыл шаруашылығы саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, әлеуметтік әріптестікті нығайту, саланың кәсіподақ қозғалысына белсенді қолдау көрсеткені үшін "Елеулі еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
«ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Л.Иманбаева «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-ның кәсіподақтың еңбек қызметіндегі белсенді жұмысы, сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғау мәдениетін құру және ілгерілету бөлігіндегі ауқымды жұмысын атап өтті.
Анықтама: Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні-бұл Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бастамасымен 2003 жылы 28 сәуірде алғаш рет атап өтіле бастаған халықаралық мереке.