Бүгін: 22.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.Елшібаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. 2022 жылғы 1 тамызда «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.А.Елшібаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары өтті. Жұмыс сапары аясында «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.Елшібаев Ақмола облыстық филиалында болып, ветеринариялық зертхананың жұмысымен танысты. Филиал қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтіп, онда ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі түйткілді мәселелер де талқыланды.