2022 жылдың 1-2 тамыз аралығында «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК оқу-әдістемелік орталық базасында Атырау облысының ветеринария мамандарының қатысуымен «Ветеринариялық мамандарды ақпараттық жүйелерде жұмыс жасау» тақырыбы бойынша офлайн семинар өткізілуде.
Семинарға ҚР АШМ ВЖҚК, АӨК, ӨИС, БАБЖ, "Softcom trede" компаниясының өкілдері шақырылды. Аталған семинарда "ВетЛаб" және "РЭҚО" үлгілері, "түзету" модулі, жануарларды бірдейлендіру базасында есептерді шығару, бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі (БАБЖ АЖ) арқылы ветеринариялық ілеспе құжаттарды беру және т.б. мәселелер талқылануда.