«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК бас директоры Т.Елшібаев ZOOM арқылы филиал директорларымен филиалдың, соның ішінде филиалдың жекелеген өңірлік зертханаларының шешімін таппай жатқан, өзекті мәселелерін талқылау мақсатында кеңес өткізді. Әрбір филиал проблемалық мәселелерді шешу бойынша ақпарат пен ұсыныстар дайындады. Отырыс нәтижесінде көтерілген мәселелерді шешу үшін орталық аппарат пен филиал бойынша жауапты орындаушылар көрсетіліп, хаттама қабылданып, орындау мерзімдері белгіленді. Т.Елшібаев атап өткендей, жиынның мұндай форматы Республикалық ветеринариялық зертхананың барлық бағыттары бойынша проблемалық мәселелерді дер кезінде көтеріп, оларды нақты уақыт режимінде жою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.