Бүгін: 25.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев РШЛ ұжымына "Республикалық ветеринарлық зертхана"ШЖҚ РМК бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары Болат Ермекұлы Айталиевті таныстырды.

Болат Ермекұлы Айталиев 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін Ветеринарлық санитария мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы ұлттық аграрлық университетінің аспирантурасын бітірді. "Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты"ғылыми дәрежесі берілді

Еңбек жолын 2001 жылы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ат бөлімінде мал дәрігері болып бастаған. Ж. Молдағалиева, Атырау қаласы.

2001-2002 "Конезавод Азия" ЖШС бас мал дәрігері, Атырау қаласы

2004-2006 Ақтөбе қалалық аумақтық басқармасы, жетекші маман, мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, Ақтөбе қаласы

2006-2007 Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы, жетекші маман - мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, Ақтөбе қаласы

2007-2009 "VM Group" ЖШС зертхана меңгерушісі, Ақтөбе қаласы

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК облыстық филиалдарында әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Көкшетау қаласындағы "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК Ақмола облыстық филиалының директоры болып жұмыс істеді.