Бүгін: 22.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Жұмыс сапарымен Қазақстанның орталық өңіріне ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев және "ҚР АШМ ВБҚК" республикалық ветеринарлық зертханасы"РМК бас директоры Т. Елшібаев келді.

Өңірдің ветеринарлық қызметтері өкілдерінің қатысуымен Ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау мәселелері айтылды. Сондай-ақ, Ұлытау облысы бойынша ветеринариялық зертхана мәселелері талқыланды. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді, олар Комитеттің бақылауына алынды.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Төлеген Көшербайұлы Рысбековты ұжымға таныстырды.

Т.Рысбеков бұған дейін ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарған.

Сондай-ақ сапар барысында А.Жақыпбаев пен Т. Елшібаев Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Барикеновпен кездесіп, Ұлытау облысы бойынша ветеринария саласындағы проблемалық және әлеуметтік мәселелерді ашылып айтылды.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласы бойынша облыстық ветеринариялық зертхана бойынша мәселені талқылап, облыстық зертхана қызметін қайта бастау туралы бірыңғай түсінікке келді және тиісті шешімдер қабылданды.