Бүгін: 23.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

 ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А. Жақыпбаев Павлодар облысына "ҚР АШМ КВКН" Республикалық ветеринариялық зертхана " РМК Бас директоры Т. Елшібаевпен бірге жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары аясында осы өңірдің ветеринариялық қызмет өкілдерінің қатысуымен Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ ветеринария жүйесін реформалау мәселелері айтылды және ветеринариялық зертхана мәселелері талқыланды. Эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету және проблемалық мәселелерді шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, Комитеттің бақылауына алынған мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Рашид Мәденұлы Нұрбековті ұжымға таныстырды. Р. Нұрбеков бұған дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Жұмыс сапары аясында А. Жақыпбаев Павлодар облыстық ветеринариялық зертхана филиалының ұжымымен кездесіп, зертхана жұмысының барысымен танысты.