Т. Елшібаев "Республикалық ветеринариялық зертхана" РМК бас директоры Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары А. Барикеновпен кездесулер өткізіліп, Ұлытау облысы бойынша ветеринариялық зертхана мәселелері талқыланды.
Сапар барысында Т. Елшібаев Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т.Рысбековпен және Ұлытау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Б. Қалмағанбетовпен кездесіп, Ұлытау облысы бойынша ветеринария саласындағы проблемалық және зертханалық мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласы бойынша облыстық ветеринариялық зертхана мәселесін талқылап, облыстық зертхананың қызметін қайта бастау туралы бірыңғай түсінікке қол жеткізді және тиісті шешімдер қабылданды.