Бүгін кәсіби мереке қарсаңында – ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Т.Елшібаев ұжымды құттықтады. Атқарылған жұмыстар үшін зертхана қызметкерлерін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің және "РВЛ" РМК бас директорының Құрмет грамоталарымен, кәсіподақтың төсбелгілерімен марапаттады.
Т.Елшібаев агроөнеркәсіптік кешен – Қазақстан экономикасының негізгі секторларының бірі екенін, жылдан жылға сенімді, лайықты нәтижелер көрсететінін атап өтті.
Ұжымға зор денсаулық және отбасылық амандық тіледі. Сондай-ақ, кәсіби мереке күні бүкіл ұжымға сыйлықақы жарияланды.