Қазақстан Республикасында Ұлттық зертханалық саясатты әзірлеу бойынша семинарға Республикалық ветеринариялық зертхана бас директоры Т. Елшібаев және мамандары қатысты.
2022 жылғы 22 қарашада Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының қолдауымен Ұлттық зертханалық саясатты әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Аталған жиынға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әртүрлі қалаларынан арнайы пән оқытушылары қатысты.
Отырыс нәтижесінде жұмыс тобының өкілдері Қазақстан Республикасында Ұлттық зертханалық саясат пен стратегиялық жоспарларды ұсынуды қолдады.