Бүгін: 25.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2022 жылғы 5 және 6 желтоқсанда Мәскеуде ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) қамқорлығымен микробқа қарсы препараттарға тұрақтылық (МПТ) бойынша аймақтық зертханалар желісін құру бойынша Консультативтік кездесу өтеді, онда Т. Елшібаев Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан өкілдерімен бірге қатысады.
Т. Елшібаев «Қазақстан Республикасының азық-түлік және ауыл шаруашылығы секторларында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті анықтау бойынша зертханалық іс-шаралар» тақырыбында баяндама жасады.
Т. Елшібаев өз баяндамасында бұл бағытта Қазақстан Республикасында қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын, сондай-ақ қазіргі уақытта «2023-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу» жобасын іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленіп жатқанын және бекітілу сатысында екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Т. Елшібаев өз баяндамасында азық-түлік секторында және ауыл шаруашылығында МПТ-ң қадағалау шеңберінде болашаққа арналған жоспарларды белгіледі, олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:
* Микробқа қарсы төзімділікті қадағалаудың ұлттық жүйесін құру;
* Қоғамдық денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығының барлық деңгейлерінде микроорганизмдердің төзімділігіне микробиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру;
* Кәсіптік білім беруді жетілдіру, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын дамыту;
* Қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігін тежеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және т. б.