Бүгін: 29.03.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2022 жылғы 7 және 8 желтоқсанда Мәскеу қаласында тұтынушылардың құқықтарын және адамның хал-ахуалын қорғау саласында Федералды қадағалау қызметінің (Роспотребнадзор) қолдауымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) техникалық ықпал етуімен «азық-түлік қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты төмендету жөніндегі бірлескен күш салу» тақырыбында халықаралық конференция өтуде, онда Т. Елшібаев Европа, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан өкілдерімен бірге қатысады.
Конференция аясында қатысушылар тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты төмендету бойынша бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады, сондай-ақ басқа елдердің сәтті тәжірибесі мен ұсынымдарын қарастырды.
Айта кету керек, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі адамға және болашақ ұрпаққа зиянды әсер етуге жол берілмейтін тәуекелдің жоқтығын көрсетеді.