Бүгін: 20.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетің эпизоотиялық мониторинг басқармасының басшысы С. Т. Құрманғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринариялық зертхана "ШЖҚ РМК көрсететін мемлекеттік монополия қызметтеріне бағалар жобасын" талқылау бойынша жария тыңдау өткізілді.

Бас директор Т. А. Елшібаев "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" ҚР Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 370 бұйрығына сәйкес Патогенділігі I және II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге 50 (елу) пайыз мөлшерінде қосымша ақы төлеу мәселесін шешу қажеттігі туралы айтты, ал сондай-ақ, өндірістік персонал қызметкерлерінің жалақысын көтерудің шұғыл қажеттілігі туралы. Мемлекеттік монополия қызметтеріне бағаның өсуі жоғарыда аталған мәселелерді шешумен тікелей байланысты.

Аталған  тыңдауға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, "Асыл - Түлік" АҚ, "Қазақстан құс өсірушілер одағы" заңды және жеке тұлғалар бірлестігі және т.б. өкілдері қатысты.