Бүгін: 27.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

«Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК бас директоры Елшібаев Т.А. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары М.Т.Тасмағанбетовпен кездесу өтті, аумақтық инспекция мен ветеринария басқармасының өкілдері де болды. Отырыста ветеринариялық зертхана мәселелері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының ветеринариясының өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ветеринариялық зертханасының қызметкерлерімен кездесу өтті, онда Елшібаев Т.А. ветеринариялық зертхананы аралап, филиал қызметімен және қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысып, түйткілді мәселелерді тыңдап, зертхана жұмысын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді.