Бүгін: 26.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директоры Т.Елшибаевтың төрағалық етуімен, облыстық және өңірлік филиалдары басшыларының қатысуымен Кәсіпорынның 2022 жылғы мемлекеттік тапсырыстарды орындаудың 11 айлық көрсеткіштері бойынша бейне конференц байланысы (ВКС) арқылы хаттамалық отырысы өткізілді.

Отырыс барысында 249  «Мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сату үшін жағдай жасау» бюджеттік бағдарламасында 100 «Жануарлар ауруларын диагностикалау» шағын бағдарламасы шеңберінде жануарлар ауруларын диагностикалау мәселелері талқыланды.

Филиал директорлары кері байланысқа шығып, жұмыс барысында туындайтын кейбір кедергілер мен мәселелерді шешу жолдары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Отырыс соңында бас директор орталық аппараттың өндіріс басшыларына және филиал директорларына  бір қатар хаттамалық тапсырмалар берді.