Бүгін: 26.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 Қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне «22 желтоқсан – архивистер күні» енгізілді. Бұл күн бекер таңдалмаған. Өйткені, дәл осы күні 1998 жылы елімізде алғаш рет Ұлттық мұрағат қоры туралы заң қабылданды.

Осы сәттен бастап мұрағат ісінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін 22 желтоқсанда атап өтеді. Олар сондай-ақ өз жұмыстарын қорытындылайды.

 Еліміздің деректі байлығын сақтау және қорғау - мемлекеттік және мемлекеттік емес архивтердің, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ әрине, еліміздің барлық деңгейдегі архив қызметінің міндеті мен парызы.

Біздің Кәсіпорын 2001 жылдан бастап Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көзі болып табылады. Қор жыл сайын құнды деректермен толықтырылып отырады.

Кәсіпорынның орталық аппаратында және облыстық/өңірлік филиалдарында жабдықталған ведомстволық архивтер бар, сондай-ақ архив жұмыстарын атқаратын үлгілі мамандар да бар.

Атап айтсақ, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалдарының хатшы-архивистері құжаттарды өз күштерімен өңдеп, жергілікті мемелекеттік архивтермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда өзге де облыстық/өңірлік филиалдардың мамандары жоғарыда аталған мамандардан үлгі ала отырып, келесі жылдан бастап өз күштерімен құжаттарды өңдеу жұмыстарын қолға алмақшы.

Бүгінгі кәсіби мереке – архивистер күнімен Кәсіпорын мамандарын құттықтаймын! Кәсіпорында атқарылып жатқан негізгі қызметіміздің тарихын сақтау жолындағы еңбектеріңізге мол жетістіктер мен табыстар тілеймін!