Бүгін: 26.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін мәжіліс залында Кәсіпорын бас директоры Т.Елшибаевтың төрағалық етуімен жылдық қорытындылаудың коллегиялық отырысы Кәсіпорын орталық аппаратының басшылық құрамы және облыстық/өңірлік филиалдары директорларының қатысуымен өтуде. Сонымен бірге, аудандық/аумақтық зертханалардың басшылары бейне байланыс арқылы қатысып отырды.  Коллегия отырысының бағдарламасына сәйкес, бұл жиын екі күнге созылмақ.

Коллегия отырысының ашылуын жариялай отырып, Кәсіпорынның бас директоры Т.Елшибаев кіріспе сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Кәсіпорынның даму стратегиясында қарастырылған шараларды атқару барысына тоқталып өтті.

Сөз соңында, бұл күндердің сәтті өтетінін, қатысушылардың іс-шаралар бағдарламасын қосымша жаңа жоспарлармен және өзекті оқиғалармен  толықтыратынына үміт білдіретінін айтты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста екі мәселе қаралуда. Біріншісі, облыстық және өңірлік филиалдарындағы жұмыс барысында туындайтын кейбір  проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары.

Отырыста қаралатын екінші мәселе, Кәсіпорындағы ақылы қызметтерді дамыту және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы мәселе.

2022 жыл бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалының директоры Ербатыр Мадьяров, Қарағанды облыстық филиалының директоры Гүлнар Зейноллина, Алматы өңірлік филиалының директоры Айбар Қарымсақов баяндама жасады.

Әрбір жасалған баяндама соңында тиісті сұрақтар беріліп, жауаптар қайтарылып отырды.

Осымен Коллегия отырысының алғашқы күні аяқталып, екінші күн ертеңгі күнмен жалғасады.