Бүгін: 26.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылдың 15 ақпанында ҚР СІМ, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ және Қазақстанның Нидерландыдағы Елшілігі ұйымдастырған Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстеліне "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Бас директоры Темірхан Амантайұлы Елшібаев қатысты.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Royal GD мен "Республикалық ветеринариялық зертхана"РМК арасында ветеринария саласындағы зертханалық диагностика саласындағы жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Темірхан Амантайұлы бұл біздің ұйымдар арасындағы маңызды қадам болатынын және жануарлардың аса қауіпті ауруларын зертханалық диагностикалау саласында тәжірибе алмасу алаңын құратынын айтты.

Іс-шара соңында тараптар іс-шараны ұйымдастырғаны және екі елдің өркендеуі үшін одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғыс білдірді.