Бүгін: 27.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Нидерланды Корольдігіне  сапары аясында "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК Бас директоры Т.А. Елшібаев,  Девентер қаласындағы  Royal GD компаниясының  жануарлар ауруларын диагностикалау жөніндегі бас кеңсесі мен зертханасына барды.

1919 жылы құрылғаннан бері, голландиялық фермерлер мен сүт ұйымдары жануарлар ауруларымен күресу үшін күш біріктірген кезде, Royal GD өзінің назарын жануарлардың денсаулығына аударды.Royal GD-ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы жетекші ұйым. Заманауи ветеринарлық зертханалар мен ғылыми орталықтардың, сондай-ақ ветеринарлық білім мен тәжірибенің арқасында Royal GD бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне қолдау көрсетеді. Осы елдегі жүргізіліп жатқан барлық зерттеулердің 80% - ын дәл осы зертхана жүргізетінін атап өтсек болады.

Royal GD басшылығы өзінің мүмкіндіктері мен үлкен тәжірибесінің арқасында компанияның негізгі қызметтерімен таныстыруды және бактериология, паразитология және т.б. сияқты зертхананың негізгі блоктарына баруды ұйымдастырды. Талқылау барысында жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау және зертханалық қызметті цифрландыру әдістері бойынша сұрақтар көтерілді