Бүгін: 30.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылары Қазақстанға ветеринариялық қызметтің тиімділігін және аусыл мен шошқаның классикалық обасын бақылау мақсатында және бақылау бағдарламасын бағалау үшін іссапармен келді. Делегацияның құрамына әлемнің алты елінің атынан қатысатын жоғары білікті мамандары кіреді.

Бүгін ДЖДҰ-ның сарапшылары Астана қаласында орналасқан зертхананың жұмыскерлерімен кездесті. Сондай-ақ, зертхананың және оқу-әдістемелік орталығының жұмыс барысымен танысты.

ДЖДҰ сарапшыларының келуі солтүстік-батыс және орталық облыстарды вакцинациялаумен салауаттылық мәртебесін алу жолындағы Қазақстанның ветеринариялық қызметінің жүйелі жұмысының қорытындысы болып табылады.