Бүгін: 01.05.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
"Республикалық ветеринариялық зертхананың" Комплаенс-қызметі басшысының төрағалығымен облыстық, өңірлік филиалдардың директорларымен және орталық аппарат қызметкерлмерімен.
Кеңестің тақырыбы АШМ аппаратының басшысы М.А. Оразаевтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерінің төрағалығымен министрлікте 26.07.2023 ж. өткізілген ведомствоаралық кеңестің қорытындылары бойынша мәселелерді талқылау қорытындылары болды.
Семинар барысында 2022 жылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жаңа бағытта, жаңа талап бойынша іске асырылатыны, және құқық бұзушылықтар үшін неғұрлым қатаң жауапкершілік көзделгені айтылды. Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін 2022 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдар аралығында жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасы бекітілді. Айта кетсек, осы тұжырымдамаға сәйкес, АШМ және КВК, бас директор Т.Елшібаев 2022 жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет құру туралы шаралар қабылдады.
Қазіргі уақытта комплаенс-қызметі жемқорлықтың алдын алу бойынша квазимемлекеттік секторда жұмысты ұйымдастыру сапасын арттыру үшін жұмыс жүргізілуде.