Бүгін: 01.05.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
Ветеринарлық дәрігерлер сабақ оқуға кірісті!
РВ3-ның 22 ветеринарлық дәрігерлері биологиялық қауіпсіздік бойынша дәріс алуда. Аудандық ветеринариялық зертханалардың мамандары үшін қайта даярлау бағдарламасы бойынша практикалық сабақтар өткізіледі. Оқу барысы 2022 жылы қабылданған «Биологиялық қауіпсіздік туралы» Заң аясында өткізілмек.
Білім алушылар келесі бағдарлама бойынша білім алады:
- биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау саласындағы ветеринарияны құқықтық реттеу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
- алғашқы көмек көрсету;
- эпизоотология;
-патогенділіктің I-II тобындағы аса қауіпті инфекциялардың микробиологиясы және зертханалық диагностикасы.
Сондай-ақ, бағдарламада өрістің биоқауіпсіздігі, дезинфекция және қауіпті патогендермен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері қозғалады.
Оқу курсын аяқтағаннан кейін барлық мамандар ПАТОГЕНДІЛІКТІҢ I-II тобының аса қауіпті инфекцияларымен жұмыс істеу үшін рұқсат құжаттарын алады.
2023 жылға осы бағдарлама бойынша 108 ветеринарлық дәрігерді оқыту жоспарланған. Әзірге оқыту өзге ұйымының базасында жүргізіледі. Дегенмен, кейін РВЗ жанындағы оқу-әдістемелік орталық базасында қайта даярлау жоспарлануда.
Мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру РВЗ-да жылдан жылға алдына қойылған басты міндеттердің бірі болып табылады. Біз кәсіби өсу мен дамуға ұмтылатын мамандар тобымен мақтанамыз. Біздің мамандарға олардың күш-жігері мен оқуға деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз!
Біздің жаңартуларымызды қадағалаңыз, алда көптеген қызықты жаңалықтар бар!