Бүгін: 03.05.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
РВЗ қызметкерлері ӨТМ бойынша оқудан сәтті өтті
Біздің қызметкерлер тобы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту курсын сәтті аяқтады. Барлығымен бірге РВЗ бас директоры Елшибаев Темірхан Амантайұлы да оқудан өтті. Мұндай оқыту жұмыс орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде қызметкерлерде қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші өндірістік және ғылыми-техникалық саладағы барлық өзгерістерді ескере отырып, жұмыс орындарында және технологиялық процестерде тәуекелдерді болдырмау үшін, ережелерге сәйкес барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
ҚР ТЖМ 2014 жылғы 09.06. «Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» №276 бұйрығының 26 т. сәйкес қызмет бағытына қарамастан ұйымдардың басшыларын, мамандарын және қызметкерлерін өрт-техникалық минимумға оқыту жұмысқа қабылданғаннан кейін бір ай ішінде және кейіннен соңғы оқыған күннен бастап үш жылда кемінде бір рет, ал жарылыс-өрт қауіпті өндіріске байланысты ұйымдардың басшыларын, мамандарын және қызметкерлерін жылына бір рет жүргізіледі.
Оқу барысында тыңдаушылар төтенше жағдайлардың алдын алу және тез жою мақсатында өртке қарсы қауіпсіздік бойынша кешенді білім алды. Олар өртті сөндіру және адамдарды құтқару техникасын игерді, сондай-ақ әртүрлі қызмет түрлерін орындау кезінде нормалар мен талаптарды игерді.
Оқыту бағдарламаларын қызметкерлеріміздің нақты қажеттіліктеріне бейімдеуге ерекше назар аударылды. Менеджерлерді, мамандарды және жұмысшыларды даярлау олардың нақты міндеттері мен кәсіби саланың талаптарына сәйкес таңдалды. Әрбір бағдарлама белгілі бір кәсіби салаға қажетті білімнің негізгі жиынтығын қамтыды.
Оқу аяқталғаннан кейін біздің қызметкерлер өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен Біліктілік комиссиясының алдында емтиханды сәтті тапсырды.
Оқыту нәтижесі:
- Белгіленген үлгідегі куәлік (Сертификат);
- Комиссия отырысының хаттамасы;
Әрине, біздің қызметкерлеріміз төтенше жағдай туындаған жағдайда шатаспайды және алған білімдерін қолдана алады деген сенімдіміз.