Бүгін: 05.05.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
🌐 РВЛ бас директоры "Food Quality Food Safety" халықаралық ғылыми конференциясына қатысады
Республикалық ветеринариялық зертхананың (РВЛ) бас директоры Т.А. Елшібаев Астанада 20-22 қыркүйек аралығында өтетін "Food Quality Food Safety" ("Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі") Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Бұл күндері конференцияда тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы саладағы инновациялық-технологиялық дамуға байланысты маңызды мәселелер талқыланады. Іс-шара ғылыми және сараптамалық қоғамдастық, билік органдары, қоғамдық және саяси ұйымдар, бизнес-құрылымдар мен БАҚ арасындағы стратегиялық әріптестікті қалыптастыруға бағытталған.
Конференция аясында тамақ қауіпсіздігі мәселелеріне, оның ішінде ауыл шаруашылығының тұрақты даму аспектілеріне және осы салада инновацияларды енгізуге қатысты әртүрлі зерттеу бағыттары бойынша ғылыми секциялар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Конференция-азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы ғылыми және сараптамалық қызметті дамытуға ықпал ететін маңызды іс-шара. Мұндай отырыстарға қатысу алдыңғы қатарлы ғылыми тәжірибемен танысу бөлігінде РВЛ үшін маңызды болып табылады. Зертхананың негізгі қызметі халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған. Бұған тұрақты диагностикалық зерттеулер, сондай-ақ жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.
Іс-шараны С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН)бірлесіп ұйымдастырды.