Бүгін: 05.05.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
🔍 🐄 🥚 РВЗ қызметкерлері жәрмеңкелерде тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етеді 🍏 🍖
Аймақтық ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде ақ халат киген мамандарды байқаған шығарсыз? Бұл біздің қызметкерлеріміздің міндеті – жәрмеңкеде сатылатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Біздің Астана өңірлік филиалының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі мамандары сынамалар өткізу және сертификаттар беру үшін жәрмеңкелерге барады. Олар барлық ұсынылған мал өнімдерін жедел талдау үшін жабдықталған мобильді зертханаларда жұмыс істейді.
Азық-түлік сыртқы түрін, иісін, дәмін қатаң тексеруден өтеді. Егер өнім бастапқы талдаудан өтпесе, ол тереңірек зерттеуге жіберіледі.
Біздің қызметкерлер сонымен қатар сатушылардың ауылшаруашылық тауарлары: ет, сүт, балық және т.б. құжаттарын мұқият тексереді. Қауіпсіз деп танылған өнімдер ғана сатуға рұқсат алады.
Алматы және Жетісу облыстары ұсынылған Астанадағы өткен жәрмеңкеде біздің қызметкерлер 172 сынамаға талдау жүргізді.
Осындай тексерулердің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары жәрмеңкелерде сатылатын жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді бола алады. РВЗ, біздің зертханаларда тексерілген өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік бере отырып, қоғамның игілігі үшін жұмыс істейді! 🌿🔬🔒
Айтпақшы, жәрмеңкеге осындай сапарларды біздің басқа филиалдарымыздың қызметкерлері де жүзеге асырады. Өйткені, орталық аппарат барлық филиалдарды толық жабдықталған мобильді зертханалармен қамтамасыз етті.
Естеріңізге сала кетейік, елордада Қазақстан өңірлерінен тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 2023 жылдың 29 қазанына дейін жалғасады. Олар әр демалыс күндері – сенбі және жексенбі күндері өтеді. Жәрмеңкелер Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша, "Шабыт" өнер университетінің алдындағы алаңда өткізіледі.