Бүгін: 05.05.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
Біз «сәттілік тарихы» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Бүгін сіздердің назарларыңызға Айталы Болат Ермекұлы мен оның мансаптық өсу үлгісін ұсынамыз.
Айталы Болат Ермекұлы – РВЗ-да бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, меритократия қағидаты біздің кәсіпорында жұмыс істейтінін көрсететін адам. Ол әдеттегі ветеринарлық позициядан жоғары деңгейге жетуге болатындығын көрсетеді.
Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетінің «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған соң, ол ұлттық аграрлық университетінде білімін жалғастырып, аспирантураны сәтті аяқтап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
Болат Ермекұлы өзінің еңбек жолын 2007 ж. қараша айынан Ақтөбе облыстық филиалындағы ветеринариялық-санитариялық сараптаманың ветеринариялық дәрігері болып бастаған. 2009 ж. ВСС зертханасының меңгерушісі болды. Жарты жылдан соң, 2010 ж. мамырынан бастап жануарлар ауруларының диагностикасы бөліміне ветеринар болып ауысты, ал 2013 ж. сынамаларды қабылдау бөлімінің басшысы болып тағайындалды. 2019 ж. ол жануарлар ауруларының диагностикасы зертханасы директорының орынбасары – зертхана меңгерушісі болды.
2021 жылдың сәуір айында Б.Айталы Көкшетау қаласындағы РВЗ-ның Ақмола облыстық филиалын басқарды. Ал 2022 жылдың тамыз айынан бастап Кәсіпорын Бас директорының орынбасары болып тағайындалды. Болат Ермекұлы РВЗ бойынша өндірістік қызметке жауап береді.
Айталы Болат - табандылықтың, дамуға және жетістікке жетуге деген ұмтылыстың үлгісі. Мұндай мысалдар қажырлы еңбекпен өз құзыреттері мен жинақталған тәжірибесінің арқасында мансаптық сатыға көтерілуге және жоғары лауазымдарға ие болуға болатындығын көрсетеді.
Мемлекет басшысы «Қоғам бірлігі - тәуелсіздік кепілі» атты өз сөзінде «меритократия» қағидаты қызметке қабылдау мен ілгерілетудің нақты қағидаты болуға тиіс екенін атап өтті. Бұл қағиданы РВЗ Бас директоры Т.А.Елшібаев та қолдайды, кәсіпорында лауазымдар мен мүмкіндіктер кандидаттың кәсібилігі мен құзыреттілігіне байланысты беріледі.
Айталы Б - осы қағиданың жарқын мысалы. Ол өзінің мансабын ветеринариядан бастады және біртіндеп бас директордың өндірістік қызметі жөніндегі орынбасары лауазымына дейін көтерілді. Оның бұл жетістіктері мен жеңістері - қажырлы еңбегінің, кәсібилігі мен адалдығының нәтижесі.
 
 
Возможно, это изображение 1 человек и текст