Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-ның Ақмола облыстық филиалының басшысы болып Прназаров Медет Бүркітбайұлы тағайындалды.
Оның кәсіби жолы 2011 жылы басталды. М.Прназаров Қостанай облыстық филиалының Сарыкөл аудандық ветеринарлық зертханасында ветеринарлық дәрігер болып жұмысқа кірісті. Әрі қарай ЖАД зертханасының паразитология бөлімінің ветеринар дәрігері болды. Сондай-ақ, Федоров РВЗ меңгерушісі болып жұмыс істеді, кейін Әулиекөл РВЗ-на ауысты, онда алдымен ветеринар, ал кейін меңгеруші болып қызмет атқарды. 2023 жылдың мамыр айында Медет Бүркітбайұлы орталық аппаратта зертханалық зерттеулер мен жоспарлауды ұйымдастыру бөлімінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
РВЗ жүйесінде 12 жылдық тәжірибесі мол маманы М.Прназаров енді Ақмола филиалын басқарды. Бұл бас директор Т.А. Елшібаев ұстанатын меритократияның тағы бір жарқын мысалы.
Прназаров Медетті оның тағайындалуымен құттықтаймыз және оған жаңа қызметте үлкен табыс тілейміз!