Бүгін: 27.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
РВЗ-да бөлімшелердің есептері бойынша апта сайынғы тыңдаулар басталды. Мәселен, бірінші болып жөндеу-құрылыс бөлімі, шаруашылық қамтамасыз ету және логистика бөлімі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз баяндамаларын ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша Бас директор Т.А.Елшібаев толық талдау жүргізуді тапсырды:
- ғимараттар мен құрылыстар: күрделі жөндеу қажет пе, газбен және сумен жабдықтауға қосуға бола ма, желдету жүйесіне сараптама жүргізуге бола ма;
-отын-энергетикалық ресурстарды, жылыту жабдықтары мен автокөліктерді сатып алу бойынша;
- даму жоспарының баптары бойынша функционалдық міндеттерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен филиал инженерлері арасында бөлу.
Естеріңізге сала кетейік, нәтижеге бағытталған апта сайынғы есеп беру жүйесін енгізу – бұл РВЗ жүйесіндегі бизнес-процестерді жақсарту мәселелерінің бірі.