Бүгін: 27.04.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев
РВЗ Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығына қатысуға шақырылды.
РВЗ басшылығы Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы аясында өткізілетін іс-шараларға қатысуға шақырылды. Іс-шара туралы ақпарат amr.net платформасында орналастырылған. Платформаның мақсаты-халықты микробқа қарсы төзімділік мәселелері бойынша ақпараттандыру.
Бұл платформа бірнеше елдің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария және тамақ қауіпсіздігі мекемелерін біріктіреді. Астанаға келген орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты (Ресей) директорының көмекшісі Игорь Манзенюк РВЗ-ны платформаны Қазақстандық ақпараттық контентпен толықтыру үшін осы халықаралық команданың бір бөлігі болуға шақырды.
Кездесу барысында Ресей ғылыми-зерттеу институтының өкілдері ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша құрылған аймақтық зертханалық желі туралы ақпаратпен бөлісті және осындай ұйымның мақсаттары туралы қысқаша айтып берді.
Соңында қонақтар платформа аясында өтетін алдағы іс-шара туралы айтып берд - Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдану апталығы. Бұл антибиотиктерге төзімділіктің пайда болу проблемасымен күресуге және олардың тиімділігін сақтауға бағытталған өте маңызды бастама болады. Әр түрлі елдердің өкілдері жануарлар мен адамдардың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін осы тақырып бойынша күш-жігерін біріктіріп, тәжірибе алмасады. Мұндай платформа тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен антибиотиктерді қолданудың тиімділігі үшін күрестегі ең жаңа құрал болып табылады.