Республикалық ветеринариялық зертхана Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен және «Омбы агарлық ғылыми орталығы» ФМБҒО-мен бірлесіп ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында РВЗ РМК-ның облыстық/өңірлік филиалдарының Жануарлар ауруларының диагностикасы зертханаларының меңгерушілері үшін «Зертханалардағы биоқауіпсіздік негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру және ветеринариялық зертханаларының меңгерушілері арасында өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.
Тәжірибелік сабақтар Алматы және Астана өңірлік филиалдарының зертханалары базасында өткізілді. Семинарға қатысушылар өздерінің ең жақсы жетістіктерімен, кәсіби табыстарымен бөлісуге және өздері үшін жаңа білім алуға мүмкіндік алды. Әріптестерімен бірге мамандар жеке проблемалық сәттерді пысықтап, оң нәтижелерге қол жеткізді, бұл олардың кәсіби деңгейін арттыруға көмектесті.
Сондай-ақ, зертхана меңгерушілері зертханаларда ветеринария және биоқауіпсіздік саласындағы «Биологиялық қауіпсіздік негіздері», «Бруцеллезді зерттеу кезіндегі зертханалық әдістер», «Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған зертханалық жабдықтар», «Жануарлар туберкулезі», «Жануарлардың лептоспирозының өзекті мәселелері», Сібір жарасы», «Пастереллез», «Листериоз» өзекті тақырыптары бойынша дәрістер тыңдады.
Семинарды Білім беру орталығы және әдістеме бөлімі ұйымдастырды.
Семинар үйлестірушілері:
Г. Мержакыпова – білім беру орталығы және әдістеме бөлімінің бас сарапшысы
Т. Қанатбеков - өндірістік бақылау және аккредиттеу бөлімінің сарапшысы.
Дәріс сабақтарының оқытушылары: ҚазҰАЗУ және «Омбы агарлық ғылыми орталығы» ФМБҒО-ның ветеринария ғылымдарының докторлары мен кандидаттары.
Практикалық сабақтардың оқытушылары:
Г. Төлегенова – Астана өңірлік филиалының ЖАД меңгерушісінің м.а.;
А. Бектай - ОА Зертханалық зерттеулер мен жоспарлауды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы.