Ағымдағы жылдың 12-15 ақпан аралығында Республикалық ветеринариялық зертханасының Павлодар облыстық филиалының зертханалары базасында қызықты және пайдалы семинар өтті, онда облыстық және өңірлік филиалдардың азық-түлік қауіпсіздігі зертханаларының меңгерушілері тәжірибе алмасты.
Семинарға қатысушылар өздерінің ең үздік әзірлемелерімен, кәсіби табыстарымен бөлісуге және өздері үшін жаңа білім алуға мүмкіндік алды. Әріптестерімен бірге мамандар жеке проблемалық сәттерді пысықтап, оң нәтижелерге қол жеткізді, бұл олардың кәсіби деңгейін арттыруға көмектесті.
Семинарды ОА-тың Білім беру орталығы және әдістеме бөлімінің мамандары:
- в.ғ.к. Т. Байсеитов,
- в.ғ.к. Қ. Сырманов,
- Г. Мержакыпова ұйымдастырды.
Сондай-ақ, АТҚ зертханаларының меңгерушілері Инновациялық Еуразия университетінің «Ветеринария және өнеркәсіптік технологиялар» факультетіне барды.
Ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ветеринария және өнеркәсіптік технологиялар кафедрасының доценті Лейла Николаевна Қасымбекова «Қазақстан Республикасындағы Азық-түлік өнімдерінің ветеринариялық қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс оқыды. Бұл дәрісте қазіргі қоғамдағы маңыздылығын асыра бағалау қиын болатын азық-түлікті ветеринариялық бақылауға қатысты мәселелерді талқылау және қарастыру болды.
Қатысушылар азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің принциптері мен әдістері туралы терең білім алды, сондай-ақ осы саланың өзекті сын-қатерлері мен даму перспективаларын талқылай алды.