Бас директор Қызылорда облысында болып, әкімнің орынбасарымен және ветеринария басқармасының басшысымен кездесті. Бұл біздің өңірлік билік пен серіктестермен қарым қатынасымызды нығайтудағы маңызды қадам болды.
Кездесуде ветеринария саласындағы өзекті мәселелер және даму перспективаларымен қатар, әртүрлі мәселелер көтерілді. Т.А. Елшібаев өңірдегі жануарлардың өмір сүру жағдайлары мен денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-шараларды қолдауға және ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Бұл кездесу біздің ветеринарлық зертханамыздың дамуындағы маңызды кезең болып табылады және бізге жергілікті қажеттіліктер мен мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Біз бірлескен күш-жігер арқылы ғана жануарлардың денсаулығы саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізе аламыз деп санаймыз.
Бұл оқиға біздің жемісті ынтымақтастыққа және сол өңірдегі билікпен серіктестікті нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсетеді.