Бүгін: 21.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы іссапар аясында 12 және 13 наурызда зертханалық жануарлармен жұмыс істеуге жауапты Жетісу, Алматы және Қызылорда облыстық зертханаларының әріптестерімен тәжірибе алмасу бойынша семинарлар өткізілді. Бұл сабақтарда зертханалық жануарларды жайғастыру, көбейту, өсіру, азықтандыру және ұстау мәселелері талқыланды.

Семинарлардан кейін қатысушылар оқу сертификаттарын алды. 14 және 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан өңірлік филиалында ФАО сарапшыларымен кездесу өтті, олар зертхана мен виварийдің деңгейін ИСО 17025 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізді. Бағалау 100 сұрақ негізінде баллдық жүйе бойынша жүргізілді. Аудит нәтижесінде басшылық тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдау үшін қарайтын кейбір әлсіз жақтар анықталды.

ФАО миссиясы сонымен қатар анықталған әлсіз тұстар бойынша облыстық ветеринариялық зертханалардың жұмыскерлерін оқытуға бағытталған. Тұтастай алғанда, зертхана сәйкестіктің жоғары деңгейін көрсетті, бірақ назар аударуды және түзетуді қажет ететін жеке сұрақтары да жоқ емес.