Бүгін: 07.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Делегация құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК, «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясат талдау орталығының басшылығы мен мамандары кірді.

Осы сапар аясында тәжірибе алмасу түрі бойынша Владимир қаласындағы «Жануарлар денсаулығын қорғаудың федералды орталығы» ФМБУ, Мәскеудегі «Жануарлар мен жемге арналған дәрілік заттардың сапасы мен стандарттаудың Бүкілресейлік мемлекеттік орталығы» (ВГНКИ) ФМБУ, сондай-ақ Ригадағы Латвияның азық-түлік және ветеринарлық қызметі және «BIOR» мемлекеттік ғылыми институтына барды.

Бұл сапар біздің зертхана үшін тамақ қауіпсіздігі саласындағы зертханалық жабдықтармен танысу және кейіннен зертханалық практикаға енгізу бойынша құнды тәжірибеге айналды.

Сапар қорытындысы бойынша меморандумға қол қою туралы, азық-түлік қауіпсіздігі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, «ВГНКИ» және «BIOR» провайдерінің зертханааралық салыстыру сынақтарын өткізу, сондай-ақ Қазақстаннан келген мамандарды оқыту және ғылыми тағылымдамадан өту бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде ынтымақтастықты дамыту мақсатында шешімдер қабылданды.