Бүгін: 03.12.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Республикалық ветеринариялық зертхананың жұмыскерлері «Зертханалық қызметтегі сапаны басқару жүйесі» тақырыбы бойынша біліктілік арттыруды сәтті аяқтады. Оқыту 2024 жылғы 22-26 сәуір аралығында Алматы қаласында өтті. Бағдарламаны «ҚР министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және «Жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы» ҚР-дағы USAID жобасы ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты кадрларды даярлауды үйлестіру және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экология саласындағы мамандардың хабардарлығын арттыру болды. Оқыту нәтижесінде қатысушылар зертханада сапаны талдау мен басқарудың заманауи әдістерін үйренді, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесі, биоқауіпсіздік және микробқа қарсы препараттарға төзімділік саласында білім мен дағдыларды игерді. Бұл оларға оңтайлы зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу үшін алған білімдерін зертхананың нақты міндеттері мен жағдайларына тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.

Республикалық ветеринариялық зертхана жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру зертханалық қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және зерттеулердің оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізу үшін маңызды. Бұл сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау және ветеринария саласының жалпы кәсібилігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Алынған білім мен дағдылар қатысушыларға зертханада сапаны тиімді басқаруға ғана емес, сонымен қатар биоқауіпсіздік пен микробқа қарсы тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік береді, бұл қазіргі заманғы денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері мен талаптары аясында өзекті және маңызды.