Бүгін: 07.01.2025
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында Алматы қаласында USAID қолдаумын ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК базасында денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы және экология минстрлігінің аудандық/облыстық бағынысты мекемелерінің 60-қа жуық мамандарына тұрақты үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай денсаулық салааралық тәсілін қолдану негізінде қысқа мерзімді курсы өткізілді.​​​​​​​​​​

Аталған курста Республикалық ветеринариялық зертхананың әдістеме және оқыту орталығы бөлімінің басшысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Саят Төлебайұлы зооноздық аурулар бойынша дәріс оқып, ментор қызметін атқарды. ​​

«Бірыңғай денсаулық» - бұл аймақтарды бөлмей, оларды біріктіру арқылы адам, жануарлар және экожүйелердің саулығын оңтайландыру тәсілі.

Бұл пәнаралық тәсіл зооноздық аурулардың таралуына, санитарлық жағдайды жақсартуға және экожүйелік тепе-теңдікті сақтауға байланысты мәселелерді тиімдірек шешуге мүмкіндік береді. Курстан өткен мамандар аурулардың алдын алу және бақылау үшін интеграцияланған әдістерді одан әрі қолдануға, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау мен өңірлердің тұрақты дамуын жақсартуға үлес қосуға көмектесетін құнды білім мен дағдыларға ие болды.