2024 жылғы 05 маусымда бас директордың басшылығымен облыстық/өңірлік филиалдар директорларының, аудандық меңгерушілерінің, сондай-ақ орталық аппарат бөлімдері басшыларының қатысуымен бейнеконференц-кеңес өтті. Кеңесте кәсіпорынның ағымдағы мәселелері талқыланды.
Республика бойынша жүргізілген прокурорлық тексерулер облыстық/өңірлік/аудандық/аймақтық филиалдардың жұмысында бұзушылықтарды анықтады. Нәтижесінде бас директор құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен филиалдардың директорларына анықталған проблемаларды дереу жою және кәсіпорын қызметіндегі барлық қажетті нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету туралы нақты тапсырмалар берді.
Бас директор Республикалық ветеринариялық зертхана жұмыскерлеріне қосымша ақы төлеуді реттейтін ішкі нормативтік құжатқа қол қойды. Қосымша ақылар облыстық және өңірлік филиалдардың директорлары, жануарлар ауруларының диагностикасы зертханаларының меңгерушілері, аудандық және аймақтық зертханалардың меңгерушілері, тамақ қауіпсіздігі бойынша зерттеулер жүргізетін жұмыскерлерге, әкімшілік-басқару персоналының жұмыскерлеріне белгіленеді.
2023 жылы Еңбек кодексі 73-1-баппен толықтырылды, ол жұмыс берушілерге жылжымалы жұмыс кестесін белгілеу құқығын береді, бұл болашақта сынама алу пункттері жұмыскерлерінің және басқа жұмыскерлердің жұмыс кестесін қайта қарауға мүмкіндік береді.
Кеңес барысында Қостанай облыстық филиалы директорының міндеттерін жаңа атқарушы ретінде Шектыбаев Акат Балгужович ұжымға таныстырылды.