Бүгін: 21.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жыл 24 шілде күні «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Түркия республикасы Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің «Ветеринариялық бақылау орталық ғылыми-зерттеу институты» Допинг-бақылау зертханасымен жылқы спортындағы доппингтік зерттеулер бойынша зум-конференция өткізді. ​​​ Допинг-бақылау зертханасында жарыстардан кейін пайдалануға тыйым салынған заттарға кешенді допинг-талдау жүргізіледі.

Допинг заттары жылқының 2 данада қан мен зәр сынамаларынан талданады. Допинг-бақылау зертханасы тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелде де қызмет етеді. Талдаулардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін зертхана Түрік аккредиттеу агенттігі белгілеген стандарттар бойынша аттестаттау сынақтарына қатысады.

Допинг-бақылау зертханасы қазіргі уақытта IFIA (Халықаралық ат жарысы Ұйымдарының Федерациясы) мүшесі болып табылады.

1 зерттеудің бағасы 120 доллар.

Сынама жеткізу уақыты 1 күнде болса сынама температурасы 4-60С, ал 2 немсе одан көп күнде жеткізілетін болса 200С болуы тиіс.

Зерттеу нәтижелерін сынама алынған күннен бастап 7-8 күн ішінде жолдайды.

Сонымен қатар, Республикалық ветеринариялық зертхана осындай допингтік зерттеулерді тікелей өз зертханаларында енгізу және жүргізу мүмкіндігін қарастыруда. Зерттеудің бұл бағыты зертхана үшін маңызды қызығушылық тудырады, өйткені ол ат спортындағы допинг-бақылау саласындағы құзыреттілігін арттырады. Жоба іске асырылған жағдайда зертхана халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес талдаулардың сапасы мен жеделдігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады.