Бүгін: 23.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

Кездесуде өңірдің инфрақұрылымын дамытуға қатысты маңызды мәселелер қозғалды.

Кездесу барысында қалада орналасқан өңірлік ветеринариялық зертхана (РВЗ) ғимаратын беру талқыланды, Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді және жаңа нысанның құрылысына қажетті қаражат бөлу жоспарлануда. Жаңа нысан зерттеулер мен диагностиканың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, жұмыскерлер үшін қолайлы жағдай жасайды және зертхана жұмысының тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар, Шетпе аудандық зертханасының аккредиттеуге дайындығы басты мәселелердің бірі болды. 2024 жылы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат құжаттары алынды, бастапқы аккредиттеуге өтінім берілді. Қазіргі уақытта филиал аккредиттеу процесін аяқтау үшін сараптама мен зерттеу жүргізуді күтуде. Қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді, барлық материалдар дайындалды, сондай-ақ мамандар оқытылды, бұл зертхананың аккредиттеуден өтуге толық дайын болуына мүмкіндік береді. Бұл өңірдің ветеринария саласындағы бақылау деңгейін арттыру жолындағы маңызды қадам.

Бұл кездесу басшылықтың өңірдің негізгі объектілерін жаңғыртуға және дамытуға бағытталғандығын растайды, бұл болашақта жұмыстың тиімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің анағұрлым жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.