Бүгін: 21.11.2024
Ветеринария саласын да жақсарту қажет. Малдың амандығы да, өнімділігі де мал дәрігерлерінің нәтижелі жұмысына тікелей байланысты. Ветеринариялық қызмет заманауи талаптарға сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес.Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылдың 08.09-20.09. аралығында Германияның Гаутингтегі «Alte Pathologie» Микробиология және зертханалық медицина институтында USAID LHSS жобасы аясында, денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпсіздігін ілгерілету және елдің денсаулық сақтау жүйесі мен төтенше жағдайларға айырықша ден қою құрылымдары шеңберінде «Бірыңғай денсаулықты» диалогқа, жоспарлауға және үйлестіруге жәрдемдесу бойынша оқыту курсынан өтті.

Бұл курсқа ҚР ДСМ бейінді комитеттерінің, ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының және ҚР АШМ мамандары қатысты. Біздің кәсіпорыннан осы курсқа әдістеме және оқу орталығының бөлім басшысы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Байсейітов Саят Төлебайұлы қатысты.

Бұл курс секторлар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы келешекте пандемияның алдын алу және оған дайындық мәселелерін шешуге «Бірыңғай денсаулық» тәсілін енгізуді қолдау жөніндегі халықаралық іс-шара болып табылады.

Курста келесі тақырыптар қарастырылды:

-​ СМЖ негізгі ережелері. Сапа менеджменті жүйесіне (СМЖ) және халықаралық стандарттарға кіріспе;

- Үздіксіз жетілдіру тұжырымдамасы. Деминг циклі (ПДПВ циклі);

-​ Зертханадағы сәйкессіздіктерді басқару;

- «Түбірлік себептерді талдау және түзету шаралары»;

-​ Құжаттар мен жазбаларды басқаруға қойылатын талаптар;

-​ Стандартты операциялық рәсімдері: әзірлеу, енгізу және қайта қарау;

-​ Өзін-өзі бағалау құралдары: бақылау тізімдері;

-​ Жаңа диагностикалық құралдарды енгізу: нені ескеру керек?;

-​ Жабдыққа техникалық қызмет көрсету бағдарламасы;

- Зертханалық қорларды басқару және жоспарлау;

- ​EN 12469 стандартына сәйкес биологиялық қауіпсіздік бокстарына жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету рәсімі;

- Тәжірибелік демонстрация: секвенирлеу зертханасы-жаңа буын секвенирлеу деректерін биоақпараттық талдау.

Сондай ақ Баварияның Денсаулық сақтау және азық түлік қауіпсіздігі басқармасына SYNLAB Augsburg экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылды.