2024 жылғы 24 маусымнан бастап ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» АҚШтың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) бірлесіп, USAID «Қазақстандағы жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы» жобасының қаржылық қолдауымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары үшін қолданбалы эпидемиология бағдарламасы бойынша оқыту жүргізеді.
Республикалық ветеринариялық зертхананы Стратегиялық жоспарлау, тәуекелдерді бағалау және сыртқы байланыстар бөлімінің бас сарапшысы-Сырғабекова Әлия Саратовна таныстырды, ол осы оқытудан сәтті өтті.
«Бірыңғай Денсаулық» бағдарламасы (One Health - Frontline FETP) зооноздық аурулармен және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-қимылының түйіскен жеріндегі басқа да қауіптермен күресте әлеуетті нығайтуға бағытталған.
Бұл оқыту адамдар мен жануарлар арасында таралуы мүмкін қауіпті инфекцияларды бақылауды күшейту және жаңа эпидеттердің алдын алу үшін қажет. Эпидемиологиялық, ветеринарлық және экологиялық қадағалау саласындағы құзыреттерді дамыту қоғамдық денсаулық пен қоршаған ортаны қорғай отырып, қауіптерді уақтылы анықтауға және оларға жауап беруге көмектеседі.
Бағдарламаға қатысушылар, олардың ішінде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экология мамандары инфекцияларды эпидемиологиялық, ветеринарлық және экологиялық қадағалау сапасын арттыру және эпидемияға уақтылы ден қою үшін далалық зерттеулермен үш айлық оқытудан өтеді.